"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2- тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26768 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |