Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, Ақтөбе қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 8 шілдедегі № 5-2/291 ұсынысы негізінде, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласының "Алматы" ауданының "Садовое" тұрғын үй алабының Садовая, Жемісті, Парасат, Бәйшешек көшелері және 19/2 учаскесінің аумағында ірі қара және ұсақ малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақтөбе қаласы әкімдігінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 1599 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27725 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қаласының әкімі | А. Шахаров |