Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 1599 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 4222 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 тамызда № 29079 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, Ақтөбе қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 8 шілдедегі № 5-2/291 ұсынысы негізінде, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе қаласының "Алматы" ауданының "Садовое" тұрғын үй алабының Садовая, Жемісті, Парасат, Бәйшешек көшелері және 19/2 учаскесінің аумағында ірі қара және ұсақ малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақтөбе қаласы әкімдігінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 1599 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27725 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қаласының әкімі А. Шахаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады