Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Әйтеке би аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Әйтеке би ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 147 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3885 тіркелген);
2) "Әйтеке би аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 147 "Әйтеке би ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы"" 2019 жылғы 16 мамырдағы № 290 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6169 тіркелген).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би аудандық мәслихатының хатшысы |
Е. Тансыкбаев |