Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 13.06.2024 № 225 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ШЕШТІ:
1. Әйтеке би аудандық мәслихатының "Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 9 маусымдағы № 132 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5597 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";
көрсетілген шешіммен бекітілген Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
5 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмегі түсініледі.";
6 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 16-бабында және Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" (бұдан әрі – "Ардагерлер туралы" ҚРЗ) Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";
11 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
Жеңіс күніне орай:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерiнде;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
3) "Ардагерлер туралы" ҚРЗ күші қолданылатын басқа да адамдарға, 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
4) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
5) еңбек ардагерлеріне, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай:
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде.";
12 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Өмірлік қиын жағдайға тап болған кезде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, 150 000 (жүз елу мың) теңгеден артық емес мөлшерде;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 100 000 (жүз мың) теңгеден артық емес мөлшерде;
3) еңбек ардагерлеріне және "Ардагерлер туралы" ҚРЗ күші қолданылатын басқа да адамдарға, 80 000 (сексен мың) теңгеден артық емес мөлшерде;
4) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;
5) мүгедектерге, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;
6) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға, 50 000 (елу мың) теңгеден артық емес мөлшерде;
7) көп балалы отбасыларға, 140 000 (жүз қырық мың) теңгеден артық емес мөлшерде;
8) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне, 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;
9) аз қамтылған азаматтарға, 140 000 (жүз қырық мың) теңгеден артық емес мөлшерде;
10) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, 80 000 (сексен мың) теңгеден артық емес мөлшерде;
11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға және пробация қызметінің есебінде тұрғандарға 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде.";
16 тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би аудандық мәслихатының хатшысы |
Е. Тансыкбаев |