Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Әйтеке би ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 2-7/132 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылдық округінің Аққұм ауылы аумағында мүйізді ірі қара малының бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 8 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28288 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жабасақ ауылдық округінің әкімі | А. Акмурзин |