Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 мамырда № 28288 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылдық округі әкімінің 12.10.2022 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Әйтеке би ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 2-7/39 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылдық округінің Аққұм ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жабасақ ауылдық округінің әкімі А. Акмурзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады