Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алға аудандық мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Алға ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 ақпандағы № 137 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3827 болып тіркелген) шешімі;
2) "Алға аудандық маслихатының 2014 жылғы 19 ақпандағы № 137 "Алға ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 220 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-193 болып тіркелген) шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алға аудандық мәслихатының хатшысы |
М. Тулеуов |