Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Байғанин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 02-08-04/84 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округінің Қораши ауылы аумағында ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26941 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Көлтабан ауылдық округінің әкімі | С. Бітімбай |