Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 ақпанда № 26941 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 20.04.2022 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2022 жылғы 3 ақпандағы № 02-08-04/20 ұсынысы негізінде,ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарынан инфекциялық ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округінің Қораши ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көлтабан ауылдық округінің әкімі С. Бітімбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады