Ырғыз ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 наурызда № 27326 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері-болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз аудандық
мәслихатының хатшысы
М. Турымов

Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2022 год по Иргизскому району

Решение Иргизского районного маслихата Актюбинской области от 30 марта 2022 года № 117. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 марта 2022 года № 27326

      В соответствии с пунктом 2-10 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 ноября 2021 года № 787 "Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев", Иргизский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставки туристского взноса для иностранцев в местах размещения туристов с 1 января по 31 декабря 2022 года включительно – 0 (ноль) процентов от стоимости пребывания.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Иргизского
районного маслихата
М. Турымов