Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 15.09.2023 № 56 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудандық мәслихаттың "Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 21 қыркүйектегі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7502 болып тіркелген) № 333 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
9 тармақтың 2), 3), 4) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жылу маусымының 6 айы ішінде (1 қаңтардан 15 сәуірге дейін, 15 қазаннан 31 желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 5 000 (бес мың) теңге мөлшерінде уәкілетті органның ұсынған тізімдері негізінде;
3) Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының (бұдан әрі – "Ардагерлер туралы" Заң) күші қолданылатын басқа да адамдарға жылу маусымының 6 айы ішінде (1 қаңтардан 15 сәуірге дейін, 15 қазаннан 31 желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 5 000 (бес мың) теңге мөлшерiнде;
4) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне бір мүгедек балаға 2 (екі) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;";
14 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай:
мүгедектерге 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы |
М. Турымов |