Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 333 "Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 143 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 маусымда № 28462 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 56 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 15.09.2023 № 56 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Аудандық мәслихаттың "Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 21 қыркүйектегі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7502 болып тіркелген) № 333 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      9 тармақтың 2), 3), 4) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жылу маусымының 6 айы ішінде (1 қаңтардан 15 сәуірге дейін, 15 қазаннан 31 желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 5 000 (бес мың) теңге мөлшерінде уәкілетті органның ұсынған тізімдері негізінде;

      3) Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының (бұдан әрі – "Ардагерлер туралы" Заң) күші қолданылатын басқа да адамдарға жылу маусымының 6 айы ішінде (1 қаңтардан 15 сәуірге дейін, 15 қазаннан 31 желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 5 000 (бес мың) теңге мөлшерiнде;

      4) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне бір мүгедек балаға 2 (екі) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;";

      14 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай:

      мүгедектерге 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз аудандық
мәслихатының хатшысы
М. Турымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады