Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Мұғалжар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" Мұғалжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 154 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3879 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар аудандық мәслихатының хатшысы |
Р. Мусенова |