Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 15.09.2023 № 105 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ШЕШТІ:
1. Шалқар аудандық мәслихатының "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 2 қарашадағы № 565 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7650 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
2 тармағының 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) ең төмен күнкөріс деңгейі - "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;";
9 тармағының 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"5) мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне бір мүгедектігі бар балаға, 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде "Шалқар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ұсынған тізімдері негізінде;";
10 тармағы алынып тасталсын.
11 тармағының 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"5) Мүгектігі бар адамдарға, Конституция күніне орай 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.";
12 тармағының 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"5) мүгектігі бар адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;";
16 тармағы алынып тасталсын.
17 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"17.Атаулы күндері мен мерекелік күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзгеде ұйымдардың ұсынымы бойынша Шалқар ауданы ЖАО бекіткен тізімі бойынша көрсетіледі.
Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі атаулы күндері мен мерекелік күндеріне (санатына байланысты) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).";
20 тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шалқар аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Бигеев |