Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 105 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 қыркүйекте № 8402 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30 маусымдағы 2023 жылғы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес, қоса беріліп отырған Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің,оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының төрағасы
С. Бигеев

  Шалқар аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 105 шешіміне 1 қосымша

Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

      1. Осы Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі- ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі-алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі-уәкілетті орган) әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін қала және ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 22.05.2024 № 262 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы Қағидалар Шалқар ауданында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.

      4. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет,жылына 1 рет) көрсетіледі.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Мереке күндерінде әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) 9 мамыр -Жеңіс күніне орай:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - 2 140 000 (екі миллион жүз қырық мың) теңге мөлшерiнде;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 230000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      "Ардагерлер туралы" Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға, 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;

      1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға- 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушыларының екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстанда әскери қызметін өткергеннен кейін қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған зайыбына -100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      2) 30 тамыз- Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай:

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы және жасына байланысты зейнетақы алушылар қатарындағы мүгедектігі бар адамдарға - 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде ;

      3) 16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай:

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңына сәйкес Қазақстан аумағында 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдарға - 120000 (жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде;

      7. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін:

      1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі не әлеуметтік маңызы бар аурулардың болуы;

      2) жан басына шаққандағы орташа табыстың ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінен аспауы;

      3) жетімдік,ата-ана қамқорлығының болмауы;

      4) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылады.

      8. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, жылына бір рет) көрсетіледі:

      1) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға, атап айтқанда:

      амбулаторлық емдеудегі онкологиялық аурулармен ауыратын және туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға - "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шалқар аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімдеріне және адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын жұқпасы бар тұлғаларға "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған анықтамаларға сәйкес, табысы есепке алынбай, ай сайын, бірақ жылына 6 (алты) айдан аспайтын уақытқа – 10 (он) айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде;

      2) жетімдік; ата-ана қамқорлығының болмауы; жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы; пробация қызметінің есебінде болу-адамның (отбасының) ең төмеңгі күнкөріс деңгейі шамасының бір еселік мөлшерінен аспайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып біржолғы 140 000 (жүз қырық мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі;

      3) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі жағдайында жан басына шаққандағы табысы есепке алынбай – біржолғы 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, босатылған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей табыс есебінсіз жүгінген адамдарға біржолғы 140 000 (жүз қырық мың) теңге мөлшерінде.

      Ескерту. 8 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 03.04.2024 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.05.2024 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      9. Дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы жағдайында әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі:

      туындаған жағдайдан бастап алты айдан кеш емес.

      10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі

      11. Мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.

      Ескерту. 11 тармақ жаңа редакцияда- Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 22.05.2024 № 262 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      13. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Шалқар ауданының бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4-тарау. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздер

      14. Әлеуметтiк көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Шалқар ауданының аумағынан тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      15. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерiктi түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

5-тарау. Қорытынды ереже

      16. Әлеуметтiк көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкiлеттi орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзіледі.

  Шалқар аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 105 шешіміне 2 қосымша

Шалқар аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 қарашадағы № 565 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматттардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7650 тіркелген) шешімі;

      2) Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 277 "Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 қарашадағы № 565 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматттардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29430 тіркелген) шешімі;

      3) Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 327 "Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 қарашадағы № 565 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматттардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31108 тіркелген) шешімі;

      4) Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 65 "Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 қарашадағы № 565 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматттардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8357 тіркелген) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады