"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, 47-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысының жергілікті бюджетінің есебінен қаржыландырылатын, Талдықорған қаласында орналасқан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру билетінің толық құнының елу пайызында (жазғы демалысты қоспағанда) жеңілдікпен жол жүру құқығы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (келісім бойынша).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облыстық мәслихатының хатшысы | Ж. Жоргенбаев |