Барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 17-78 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 8 сәуірде № 27493 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, 47-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы облысының жергілікті бюджетінің есебінен қаржыландырылатын, Талдықорған қаласында орналасқан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру билетінің толық құнының елу пайызында (жазғы демалысты қоспағанда) жеңілдікпен жол жүру құқығы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (келісім бойынша).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Ж. Жоргенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады