"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, Алматы облыстық маслихаты ШЕШТІ:
1. Алматы облыстық мәслихатының "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы" 2013 жылғы 09 тамыздағы № 21-133 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2446 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облыстық мәслихаты аппаратының басшысы С.Н. Нуркадыровқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облыстық мәслихаты | |
хатшысының міндетін атқарушы | Е. Абитов |