"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, Алматы облыстық маслихаты ШЕШТІ:
1. Алматы облыстық мәслихатының "Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтеу мөлшерін белгілеу туралы" 2014 жылғы 2 желтоқсандағы №39-223 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2954 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облыстық мәслихаты аппаратының басшысы Н.С. Нуркадыровқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облыстық мәслихаты | |
хатшысының міндетін атқарушы | Е. Абитов |