Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 08.08.2022 № 24-118 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 182-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысында мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды өтеу бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Облыстық мәслихаттың хатшысы | Қ.Қожабеков Е.Келемсеиіт |