Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алматы облысы Жамбыл ауданының Беріктас ауылдық округінің Беріктас ауылының шекарасына Жамбыл ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 824 гектар жерді қосу арқылы, Беріктас ауылдық округінің Беріктас ауылының шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 1068,7 гектар шекарасында белгіленсін.
2. Осы бірлескен Жамбыл ауданы әкімдігінің қаулысы және Жамбыл аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл аудандық мәслихат хатшысы | Жамбыл ауданы әкімі |
__________С. Жұрын | __________Н. Ертас |