Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас ауылдық округінің Беріктас ауылының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 11 тамыздағы № 24-128 бірлескен шешімі және Жамбыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 263 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 11 тамызда № 29093 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Алматы облысы Жамбыл ауданының Беріктас ауылдық округінің Беріктас ауылының шекарасына Жамбыл ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 824 гектар жерді қосу арқылы, Беріктас ауылдық округінің Беріктас ауылының шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 1068,7 гектар шекарасында белгіленсін.

      2. Осы бірлескен Жамбыл ауданы әкімдігінің қаулысы және Жамбыл аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл аудандық мәслихат хатшысы Жамбыл ауданы әкімі
      __________С. Жұрын __________Н. Ертас

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады