Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының "Алматы облысы Жамбыл ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсанындағы № 47-223 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5031 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде, жер салығының мөлшерлемелерін, Қазақстан Республикасы Кодексінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 505 және 506 баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызға арттырылсын".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл аудандық мәслихат хатшысы | С. Жұрын |