Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 47-223 "Жамбыл ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 1 қарашадағы № 28-141 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 4 қарашада № 30412 болып тіркелді

      Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының "Алматы облысы Жамбыл ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсанындағы № 47-223 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5031 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде, жер салығының мөлшерлемелерін, Қазақстан Республикасы Кодексінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 505 және 506 баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызға арттырылсын".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл аудандық мәслихат хатшысы С. Жұрын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады