"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласы, Шелек, Саймай, Жаңашар, Бартоғай ауылдық округтерінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еңбекшіқазақ ауданының әкімі | К. Султангазиев |