Ескелді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 25-165 "Ескелді ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 ақпандағы № 23-87 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 3 наурызда № 27010 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 16-50 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 06.12.2023 № 16-50 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


      Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ескелді аудандық мәслихатының "Ескелді ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 25-165 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4529 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескелді аудандық мәслихатының хатшысы К. Сатанов

  Шешіміне қосымша Ескелді аудандық мәслихаты 2022 жылғы 23 ақпандағы № 23-87
  Ескелді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 25-165 шешімімен бекітілген

Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына сәйкес (бұдан әрі -Үлгілік қағидалар) әзірленді және әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Алматы облысы, Ескелді ауданы әкімдігінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөрiс деңгейi – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агентігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтiн мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмiрдегі қиын жағдай - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкiлеттi орган – Ескелді аудан әкімдігінің "Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;

      8) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн ауылдық округ әкiмiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ, мереке күндерге ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.

      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

2- тарау. Әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек ақшалай төлемдер түрінде бір рет азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:

      1) 9 мамыр - Жеңіс Күні:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі - КСР Одағы), қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне – бір рет 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде және ай сайын – 3 (үш) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

      Ұлы Отан соғысының мүгедектері, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы теміржол учаскелеріндегі, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілеріне – бір рет 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде және ай сайын – 3 (үш) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға бір рет – 26 (жиырма алты) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамның екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбы) – бір рет 26 (жиырма алты) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – бір рет 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге - бір рет 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына - бір рет 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Тәжікстан-Ауғанстан учаскесіндегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - бір рет 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - бір рет 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары - бір рет 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысқан адамдарға - бір рет 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға - бір рет 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына- бір рет 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясында сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің,сондай-ақ қайтыс болуы апаттың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына – бір рет 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға - бір рет 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдарға - бір рет 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      7. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайда тап болған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:

      1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өрт оқиғасы орын алған мекен-жайда тұрақты тіркеуде тұратын азаматтарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай:

      оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда) бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға – бір рет 5 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға - бір рет 5 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) өмірлік қиын жағдайда, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуідеп танылған азаматтар (отбасы):

      туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің тоқсан сайын 2 (екі) еселенген мөлшерінде;

      4) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста 70 пайыздық шектен аспайтын, балалары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын отбасыларға - ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.

      5) табыстарын есепке алмай Қазақстан Республикасының Жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын, Қазақстан Республикасының Жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын балалары бар аз қамтылған отбасылар – 500 айлық есептік көрсеткіш ағымдағы қаржы жылына бюджетте көзделген қаражат шегінде;

      8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздерҮлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      9. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      10. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.

      11. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      12. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен қайтаруға жатады.

3-тарау. Қорытынды ереже

      13. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.

О внесении изменений в решение Ескельдинского районного маслихата от 30 января 2018 года № 25-165 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Ескельдинского района"

Решение Ескельдинского районного маслихата Алматинской области от 23 февраля 2022 года № 23-87. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 марта 2022 года № 27010. Утратило силу решением Ескельдинского районного маслихата области Жетісу от 6 декабря 2023 года № 16-50

      Сноска. Утратило силу решением Ескельдинского районного маслихата области Жетісу от 06.12.2023 № 16-50 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).


      Ескельдинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Ескельдинского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Ескельдинского района" от 30 января 2018 года № 25-165 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4529) следующие изменения:

      приложение к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводятся в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      Секретарь Ескельдинского районного маслихата К. Сатанов

  Приложение к решению Утверждено решением Ескельдинского районного маслихата от 30 января 2018 года № 25-165
  Ескельдинский районный маслихат от 23 февраля 2022 года № 23-87

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее - Правила) разработаны в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее – Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;

      2) специальная комиссия - комиссия, создаваемая постановлением акимата Ескельдинского района, Алматинской области по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      3) прожиточный минимум - необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемый республиканским государственным учреждением "Департамент Бюронациональной статистики агенства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан по Алматинской области;

      4) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) - доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      6) трудная жизненная ситуация - ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      7) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Ескельдинского района" акимата Ескельдинского района;

      8) участковая комиссия - комиссия, создаваемая решением акима сельского округа для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью и подготовки заключений;

      9) предельный размер - утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      3. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом в денежной форме отдельным категориям нуждающихся граждан в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к праздничным дням.

      4. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно).

      5. Лицам, указанным в статье 16 Закона Республики Казахстан "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан" и в подпункте 2) статьи 10, в подпункте 2) статьи 11, в подпункте 2) статьи 12, в подпункте 2) статьи 13 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.

Глава 2. Порядок оказания социальной помощи, определения перечня отдельных категорий нуждающихсяполучателейи установления размеров социальной помощи

      6. Социальная помощь к праздничным дням оказывается единовременно в виде денежных выплат следующим категориям граждан:

      1) День Победы - 9 мая:

      участникам Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим, проходившим службу в воинских частях, штабах и учреждениях, входивших в состав действующей армиии флота в период Великой Отечественной войны, а также во время других боевых операций по защите бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее – Союза ССР), партизаны и подпольщики Великой Отечественной войны единовременно в размере -1 000 000 (один миллион) тенге и ежемесячно в размере 3 (три) месячного расчетного показателя;

      инвалидам Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим действующей армии и флота, партизаны и подпольщики Великой Отечественной войны, а также рабочие и служащие, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны на фронте, в районе военных действий, на прифронтовых участках железных дорог, сооружениях оборонительных рубежей, военно-морских баз и аэродромов единовременно в размере - 1 000 000 (один миллион) тенге и ежемесячно в размере 3 (три) месячного расчетного показателя;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу Великой Отечественной войны единовременно в размере – 26 (двадцать шесть) месячных расчетных показателей;

      супруге (супругу) умершего инвалида Великой Отечественной войны или лица, приравненного по льготам к инвалидам Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признавшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак единовременно в размере – 26 (двадцать шесть) месячных расчетных показателей;

      ветеранам боевых действий на территории других государств единовременно в размере –35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим, ставшим инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите Союза ССР исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия единовременно в размере - 35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия единовременно в размере - 26 (двадцать шесть) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшим задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке единовременно в размере - 26 (двадцать шесть) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим Республики Казахстан, принимавшим участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке единовременно в размере –26 (двадцать шесть) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности Союза ССР, принимавшие участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карахабе единовременно в размере - 26 (двадцать шесть) месячных расчетных показателей;

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах единовременно в размере – 35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      лицам, ставшим инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции единовременно в размере – 35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      семьям лиц, погибшим при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции единовременно в размере - 26 (двадцать шесть) месячных расчетных показателей;

      семьям лиц, умершим вследствие лучевой болезни или умерших инвалидов, а также граждан, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции единовременно в размере - 26 (двадцать шесть) месячных расчетных показателей;

      лицам, участвовавших непосредственно в ядерных испытаниях единовременно в размере – 35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      лицам, ставшим инвалидами вследствие ядерных испытаний единовременно в размере –35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей.

      7. Социальная помощь оказывается отдельным категориям нуждающихся граждан оказавшимся в трудной жизненной ситуации единовременно и (или) периодически (ежемесячно):

      1) гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара по месту возникновения стихийного бедствия или пожара, состоящим на постоянной регистрации без учета среднедушевого дохода:

      в случае причинения вреда его имуществу (при наличии подтверждающего документа) единовременно в размере 200 (двести) месячных расчетных показателей;

      2) лицам, освобожденным из мест лишения свободы единовременно в размере – 5 (пять) месячных расчетных показателей;

      лицам, состоящих на учете службы пробации единовременно в в размере – 5 (пять) месячных расчетных показателей;

      3) лицам (семьям) признанным находящимися в трудной жизненной ситуации, в том числе ограничение жизнедеятельности вследствие социально значимых заболеваний и заболеваний, представляющих опасность для окружающих:

      лицам, состоящим на диспансерном учете с заболеванием туберкулез ежемесячно без учета среднедушевого дохода в размере 5 (пять) месячных расчетных показателей;

      родителям или иным законным представителям детей, инфицированных вирусом иммунодефицита человека состоящих на диспансерном учете ежемесячно без учета среднедушевого дохода 2 (два) кратных размера величины прожиточного минимума, установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год;

      4) семьям, дети которых воспитываются и обучаются в дошкольных организациях образования, у которых среднедушевой доход не превышает 70-ти процентного порога в кратном отношении к прожиточному минимуму по области ежемесячно - в размере 5 (пяти) месячных расчетных показателей.

      5) дети-сироты и дети оставшиеся без попечения родителей обучающиеся на дневных отделениях в организациях высшего, технического и профессионального, после среднего образования Республики Казахстан без учета доходов, малообеспеченные семьи, имеющие в составе обучающихся детей на дневных отделениях в организациях высшего, технического и профессионального, после среднего образования Республики Казахстан, со среднедушевым доходом, не превышающим величину прожиточного минимума, установленного по области, предшествовавшем кварталу обращения за назначением социальной помощи - 500 месячных расчетных показателей в пределах средств, предусмотренных бюджетом на текущий финансовый год;

      8. Порядок оказания социальной помощи, основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи определяется согласно Типовым правилам.

      9. Социальная помощь к праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому местным представительным органом по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      10. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом районана текущий финансовый год.

      11. Социальная помощь предоставляется в денежной форме через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций, путем перечисления на счета получателей.

      12. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

Глава 3. Заключительное положение

      13. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".