"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бірінші май ауылдық округі Бекболат ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Алматы облысы Қарасай ауданы Бірінші май ауылдық округінің Бекболат ауылындағы Жаңа ғасыр көшесін Хамза Екейбай көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бірінші май ауылдық округінің әкімі | Е. Мукатаев |