Алматы облысы Қарасай ауданы Бірінші май ауылдық округінің Бекболат ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы Бірінші май ауылдық округінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 1 қарашада № 30372 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бірінші май ауылдық округі Бекболат ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Алматы облысы Қарасай ауданы Бірінші май ауылдық округінің Бекболат ауылындағы Жаңа ғасыр көшесін Хамза Екейбай көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бірінші май ауылдық округінің әкімі Е. Мукатаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады