"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Райымбек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Райымбек ауданы әкімдігінің "Райымбек ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" 2017 жылғы 28 ақпандағы № 40 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4169 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Сағатбекұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Райымбек ауданының әкімі | Н. Кудайбергенов |