"Райымбек ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Райымбек ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 40 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 74 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 5 сәуірде № 27429 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Райымбек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Райымбек ауданы әкімдігінің "Райымбек ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" 2017 жылғы 28 ақпандағы № 40 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4169 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Сағатбекұлына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Райымбек ауданының әкімі Н. Кудайбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады