Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын Шымкент қаласы әкімдігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 372 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14 болып тіркелген);
2) "Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын Шымкент қаласы әкімдігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 372 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 50 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 84 болып тіркелген).
2. "Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исаховқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |