"Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы

Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/58-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 қарашада № 30658 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы мәслихатының хатшысы К. Сулейменов

  2022 жылғы 18 қарашадағы
№ 10/58-VII шешіміне
қосымша

"Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленді және "Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру тәртібін реттейді.

      2. "Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын (бұдан әрі – Атақ) беру өзінің ауқымы бойынша азаматтардың әдеттегі іс-әрекеттерінің жемісті еңбегін, олардың қабілеті мен дарынын және бағалы бастамаларын қоғамның мойындап танығандығын білдіретін аса маңызды моральдық көтермелеу болып табылады. Атақ азаматтардың еңбек және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға, олардың Абай облысын (қаласын, ауданын) экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамытуға бағытталған күш-жігерін ынталандыруға, өскелең жас ұрпақты қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеуге және халықтар арасында достықты нығайтуға арналған.

2-тарау. Атақ беру тәртібі

      3. Атақ:

      1) жоғары мемлекеттік наградалары бар кәсіби міндеттемелерін немесе азаматтық парызын орындауда жеке ерлік көрсеткендерге;

      2) өзінің еңбек ету кезеңінде облыстың (қаланың, ауданның) әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқандарға, еңбекке деген мүлтіксіз және шығармашылық көзқарасы, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін;

      3) облыстың (қаланың, ауданның) экономикалық өсуіне және әлеуметтік дамуына белсенді ықпал еткен инновациялық қызметі мен алдыңғы қатарлы технологияларды енгізгендігі үшін;

      4) ғылым, әдебиет, өнер салаларына, басқа да шығармашылық қызметіне, мәдениет пен спортты дамытуға, білім, денсаулық сақтау сапасын көтеруге ерекше үлес қосқандарға;

      5) облыста (қалада, ауданда) тұрып жатқан халықтардың арасында ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілікті, достықты, ынтымақтастықты нығайту жолындағы жемісті еңбегі үшін;

      6) азаматтардың құқығын және заңды мүдделерін қорғаудағы, қайырымдылық қызметі мен мейірімділігі, Абай облысының (қаланың, ауданның) елдегі беделін көтерудегі белсенді жұмысы үшін азаматтарға беріледі.

      4. Атақ мемлекеттік қызметте өзін көрсете білген мемлекеттік және саяси қызметшілерге, облыстың (қаланың, ауданның) әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына ықпал еткен азаматтарға ерекше құрмет ретінде берілуі мүмкін.

      5. Атақ Қазақстан Республикасының азаматтарына тірі кезінде беріледі.

      6. Абай облысы немесе қаласының, ауданының Құрметті азаматы атағы бір рет беріледі.

      7. Атақ:

      1) Атаққа ұсыну кезінде заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес соттылық мерзімі өтелмеген немесе алынбаған тұлғаларға;

      2) сот арқылы іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған тұлғаларға;

      3) атаққа ұсыну сәтінде заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған әкімшілік жазасы бар адамдарға берілмейді.

      8. Атақты беру туралы қолдаухатты еңбек және шығармашылық ұжымдар, қоғамдық және діни бірлестіктер, саяси партиялар, тиісті мәслихат депутаттары және өзге де бастамашыл топтар (бұдан әрі – бастамашыл топтар) ұсына алады.

      Бұл ретте бір бастамашыл топтан ағымдағы күнтізбелік жылы тек бір кандидатураға қатысты Атақ беру туралы қолдаухат енгізілуі мүмкін.

      9. Қолдаухатқа бірінші басшы немесе тиісті уәкілетті тұлға қол қояды, онда Атақ берілетін үміткерлердің нақты еңбегі көрсетіледі.

      10. Қолдаухатта үміткердің негізгі өмірбаяндық деректері, оның Абай облысы (қаласы, ауданы) алдындағы жетістіктері мен сіңірген еңбегінің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі, сонымен қатар:

      1) үміткердің сіңірген еңбегінің толық сипаттамасы бар мінездеме;

      2) растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса мемлекеттік және басқа да наградаларының тізбесі;

      3) бастамашыл топтың жиналыс шешімінің хаттамасы;

      4) жеке куәліктің/паспорттың көшірмесі;

      5) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша ерекше еңбегін сипаттайтын мәліметтерді қамтитын награда қағазы;

      6) үміткердің 3х4 сантиметр (2 дана) және 6х9 сантиметр (1 дана) көлеміндегі фотосуреттері қоса беріледі.

      11. Атақ беру туралы өз кандидатураларын өздігінен ұсынған тұлғалардан келіп түскен қолдаухаттар қаралмайды.

      12. Қолдаухат облыс (қала, аудан) әкіміне жолданады, облыс (қала, аудан) әкімі өз кезегінде қолдаухатты "Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағына ұсыну мәселелері жөніндегі жергілікті өкілді және атқарушы органдары, қоғамдық ұйымдары өкілдерінің тақ саннан тұратын тиісті комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жібереді.

      13. Комиссия осы Қағидаларға сәйкес үміткерлерге қатысты барлық жағдайды анықтайды және құжаттардың растығын тексереді.

      14. Шешім Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

      15. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру жолымен қабылданады. Комиссия мүшелерi дауыс беру кезiнде қалыс қалмайды және отырыстарға алмасу құқығынсыз қатысады.

      Комиссияның қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді.

      16. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің даусы шешуші болады.

      17. Көпшіліктің шешімімен келіспеген Комиссия мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіре алады, оны Комиссия төрағасына ұсынады және ол Комиссия отырысының хаттамасына тіркеледі.

      18. Комиссия облыс (қала, аудан) әкіміне Атақ беру туралы ұсынымды тиісті мәслихаттың қарауына енгізуді немесе тиісті себептерін көрсете отырып, одан бас тартуды (кері қайтаруды) ұсынады (құжаттардың толық емес тізбесі және (немесе) ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі).

      19. Атақ облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша тиісті мәслихатпен, жылына бір рет беріледі.

      20. Тиісті мәслихаттың Атақ беру туралы шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

3-тарау. "Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" куәлігін және төсбелгісін тапсыру тәртібі

      21. Атақ берілген адамға "Абай облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" төс белгісі, куәлігі салтанатты түрде беріледі және оның есімі тиісті әкімдіктің аппаратында сақталатын Абай облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматтарының кітабына хронологиялық тәртіппен енгізіледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы мәслихатының 15.11.2023 № 9/62-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      22. Куәлікке облыс (қала, аудан) әкімі және тиісті мәслихат төрағасы қол қояды.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы мәслихатының 15.11.2023 № 9/62-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      23. Атақ алған тұлғалар куәлік пен төсбелгінің сақталуын қамтамасыз етулері тиіс. Атақ берілгендігін растайтын құжаттар жоғалған жағдайда, оны иеленген тұлға өзінің құқықтарын сақтап қалады және тиісті мәслихаттың шешімімен оған құжаттардың көшірмесі өтініш түскен сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қайта беріледі, бұл ретте төсбелгі қайталап берілмейді.

      24. Атақ өмірлік болып табылады. Оның берілуі туралы құжаттар және төсбелгі отбасына естелік ретінде сақтауға қалдырылады немесе мұрагерлерінің келісімі бойынша жергілікті мұражайға өткізілуі мүмкін.

4-тарау. Атақтан айыру негіздемелері

      25. Атақ берілген азамат тиісті мәслихаттың шешімімен келесі жағдайларда Атақтан айрылуы мүмкін:

      1) қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін;

      2) Атақ беру туралы қолдау хат енгізген бастамашыл топтың ұсынымы бойынша қоғамның айрықша назарын аударған өрескел іс-әрекет жасағаны үшін.

      26. Атағынан айыру жағдайында, Атақтан айырылатын тұлғадан куәлігі, төсбелгісі қайтарылады, сонымен бірге облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет Кітабында тиісті жазба жазылады.

      27. Осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген негіздер бойынша Атақтан айырылған азамат қайталап Атақ беруге ұсыныла алмайды.

      28. Заңсыз сотталған және толық ақталған азаматтардың Атаққа ие болу құқықтары сот шешімімен қалпына келтіріледі.

  "Абай облысының (қаласының,
ауданының) Құрметті азаматы"
атағын беру қағидаларының
қосымшасы

      ____________________

      (облысы/қала/аудан)

НАГРАДА ҚАҒАЗЫ

      Ескерту. Қағидалар қосымшамен толықтырылды – Абай облысы мәслихатының 15.11.2023 № 9/62-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________

      2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _______________________

      3. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны (кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің атауы дәл көрсетілуі керек) ________________________________________________________________________________________

      4. Жынысы _________________________________

      5. Туған жылы мен туған жері _________________________________

      6.Ұлты_______________________________________________________

      7. Білімі __________________________________________________

      8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы __________________________

      9. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған және наградталған уақыты:___________________

      10. Үйінің мекенжайы:__________________________

      11. Жалпы жұмыс өтілі___________Саладағы жұмыс өтілі____________

      12. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі _________________

      13. Наградталушының нақты айрықша еңбегін сипаттайтын мінездеме: _____________________________________________________________________________________

      Кандидатура _____________________________________________________________________________________

      (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы немесе бастамашыл топтың аты-жөні, талқылау күні, хаттаманың №)

      ________________ талқыланып, ұсынылған.

      Мына наградаға ұсынылады _______________________________________________________

      (награданың түрі)

      ___________________ _____________________________________________________________

      (ТАӘ) (ТАӘ)

      ___________________ _____________________________________________________________

      (қолы) (қолы)

      М.О. М.О.

      ________ жылғы "______" ___________

      (толтырылған күні)

      Ескертпе: наградталушының тегі, аты және әкесінің аты жеке басының куәлігі бойынша толтырылып, қазақ және орыс тілдеріндегі транскрипциясы міндетті түрде көрсетіледі.

Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин области Абай (города, района)"

Решение маслихата области Абай от 18 ноября 2022 года № 10/58-VII. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 ноября 2022 года № 30658

      В соответствии с подпунктом 12-2) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" маслихат области Абай РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила присвоения звания "Почетный гражданин области Абай (города, района)" согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата области Абай К. Сулейменов

  Приложение к решению
от 18 ноября 2022 года
№ 10/58-VII

Правила присвоения звания "Почетный гражданин области Абай (города, района)"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила присвоения звания "Почетный гражданин области Абай (города, района)" (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и регламентируют порядок присвоения звания "Почетный гражданин области Абай (города, района)".

      2. Присвоение звания "Почетный гражданин области Абай (города, района)" (далее – Звание) является моральным поощрением признания общественностью достижений общепризнанного полезного результата, превосходящих по своим масштабам результаты обычных действий, плодотворной деятельности граждан, их способностей, дарований и ценных инициатив. Звание призвано повышать трудовую и общественно-политическую активность граждан, поощрять их усилия, направленные на экономическое и социальное развитие области Абай (города, района), воспитывать молодое поколение в духе казахстанского патриотизма и укрепления дружбы между народами.

Глава 2. Порядок присвоения Звания

      3. Звание присваивается гражданам:

      1) проявившим личное мужество при исполнении профессиональных обязанностей или гражданского долга, имеющие высшие государственные награды;

      2) внесшим в период своей трудовой деятельности вклад в социально-экономическое развитие области (города, района) за безупречное и творческое отношение к труду, активное участие в общественной жизни;

      3) за инновационную деятельность и внедрение передовых технологий, которые активно способствовали экономическому росту и социальному развитию области (города, района);

      4) внесшим особый вклад в области науки, литературы, искусства и других видов творческой деятельности, в развитие культуры, спорта, повышение качества образования, здравоохранения;

      5) за плодотворную работу по укреплению межнационального согласия и общественной стабильности, мира, дружбы и сотрудничества между народами, населяющими область (город, район);

      6) за активную деятельность по защите прав и законных интересов граждан, благотворительную деятельность и милосердие, повышение имиджа области Абай (города, района) в стране.

      4. В знак особого уважения звание может быть присвоено государственным и политическим деятелям, проявившим себя на государственной службе, и гражданам, способствующих социально-экономическому и культурному развитию области (города, района).

      5. Звание присваивается при жизни гражданам Республики Казахстан.

      6. Звание Почетного гражданина может быть присвоено один раз по области Абай, либо по городу, району.

      7. Звание не может быть присвоено:

      1) лицам, имеющим судимость, которая не погашена или не снята в установленном законодательством порядке на момент представления к Званию;

      2) лицам, признанным судом недееспособными, либо ограниченно дееспособными;

      3) лицам, имеющим административное взыскание, которое не погашено или не снято в установленном законодательством порядке на момент представления к званию.

      8. Ходатайство о присвоении Звания могут представить трудовые и творческие коллективы, общественные и религиозные объединения, политические партии, депутаты соответствующего маслихата и иные инициативные группы (далее – инициативные группы).

      При этом от одной инициативной группы ходатайство о присвоении Звания может быть представлено в отношении только одного кандидата в течение календарного года.

      9. Ходатайство подписывается первым руководителем или соответствующим уполномоченным лицом, в нем указываются конкретные заслуги кандидатов на присвоение Звания.

      10. В ходатайстве указываются основные биографические данные кандидата, краткое описание его достижений и заслуг перед областью Абай (городом, районом), а также прилагаются:

      1) характеристика с подробным описанием заслуг кандидата;

      2) перечень имеющихся государственных и иных наград, с приложенными копиями подтверждающих документов;

      3) протокол решения собрания инициативной группы;

      4) копия удостоверения личности/паспорта;

      5) наградной лист, содержащий сведения, описывающие особые заслуги по форме, согласно приложению к настоящим Правилам;

      6) фотографии кандидата размером 3х4 сантиметра (2 штуки) и 6х9 сантиметров (1 штука).

      11. Ходатайства, поступившие от лиц, выдвинувших свои кандидатуры на присвоение Звания самостоятельно, не рассматриваются.

      12. Ходатайство направляется акиму области (города, района), в свою очередь аким области (города, района) направляет ходатайство на рассмотрение соответствующей комиссии по рассмотрению вопросов присвоения звания "Почетный гражданин области Абай (города, района)" (далее – Комиссия), состоящей из нечетного количества представителей местных представительных и исполнительных органов, общественных организаций.

      13. В соответствии с настоящими Правилами Комиссия определяет все обстоятельства относительно кандидата и проверяет достоверность представленных документов.

      14. Решение принимается большинством голосов членов Комиссии.

      15. Решения Комиссии принимаются путем открытого голосования. Члены Комиссии не воздерживаются при голосовании и участвуют в заседаниях без права замены.

      Не допускается какое-либо вмешательство в деятельность Комиссии.

      16. При равенстве голосов голос председательствующего является решающим.

      17. Член Комиссии, не согласный с решением большинства, может изложить в письменном виде свое особое мнение, которое вручается председателю Комиссии и приобщается им к протоколу заседания Комиссии.

      18. Комиссия рекомендует акиму области (города, района) внести представление о присвоении Звания на рассмотрение соответствующего маслихата либо отклонить (вернуть) его, с указанием соответствующих причин (неполный перечень документов и (или) несоответствие представленных документов требованиям, предусмотренным пунктом 11 настоящих Правил).

      19. Звание присваивается соответствующим маслихатом по представлению акима области (города, района), один раз в год.

      20. Решение соответствующего маслихата о присвоении Звания публикуется в средствах массовой информации.

Глава 3. Порядок вручения удостоверения "Почетный гражданин области Абай (города, района)" и нагрудного знака

      21. Лицу, удостоенному звания, торжественно вручается удостоверение, нагрудный знак "Почетный гражданин области Абай (города, района)" и его имя вносится в хронологическом порядке в Книгу почетных граждан области Абай (города, района), которая хранится в аппарате соответствующего акимата

      Сноска. Пункт 21 в редакции решения маслихата области Абай от 15.11.2023 № 9/62-VIIІ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      22. Удостоверение подписывают аким области (города, района) и председатель соответствующего маслихата

      Сноска. Пункт 22 в редакции решения маслихата области Абай от 15.11.2023 № 9/62-VIIІ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      23. Лица, получившие Звания, должны обеспечивать сохранность удостоверения и нагрудного знака. В случае утери лицом документов, подтверждающих присвоение Звания, он сохраняет свои права и решением соответствующего маслихата ему повторно выдается копия документов, при этом нагрудный знак повторно не выдается.

      24. Звание является пожизненным. Документы и нагрудный знак о его присвоении оставляются семье на хранение, как память, либо по согласию наследников может быть передан в местный музей.

Глава 4. Основания лишения Звания

      25. Гражданин, которому присвоено Звание, может быть лишен его по решению соответствующего маслихата в случаях:

      1) после вступления обвинительного приговора суда в законную силу за совершение преступления;

      2) совершения негативных проступков, вызвавших большой общественный резонанс, по представлению инициативной группы, внесшей ходатайство о присуждении Звания.

      26. В случае лишения Звания у лица, лишенного Звания, изымаются удостоверение, нагрудный знак, а также производится соответствующая запись в Книге Почета области (города, района).

      27. Гражданин, лишенный Звания по основаниям, предусмотренным пунктом 26 настоящих Правил, не может быть повторно выдвинут на присвоение Звания.

      28. Граждане, незаконно осужденные и реабилитированные полностью, по решению суда восстанавливаются в правах на Звание.

  Приложение
к Правилам присвоения звания
"Почетный гражданин области
Абай
(города, района)"

      ____________________

      (область/город/район)

НАГРАДНОЙ ЛИСТ

      Сноска. Правила дополнены приложением в соответствии с решением маслихата области Абай от 15.11.2023 № 9/62-VIIІ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Фамилия, имя, отчество (при наличии)___________________________

      2. Индивидуальный идентификационный номер (ИИН) _________________________________________

      3. Должность, место работы, службы (указать точное наименование подразделения предприятия, учреждения, организации) __________________________________________________________________

      4. Пол ____________ 5. Год и место рождения ______________________

      6. Национальность _____________________________________________

      7. Образование _______________________________________________

      8. Ученая степень, ученое звание _________________________________

      9. Какими государственными наградами Республики Казахстан награжден(а) и дата награждения: ___________________________________

      10. Домашний адрес: _________________________________________

      11. Общий стаж работы ______ Стаж работы в отрасли ______________

      12. Стаж работы в данном трудовом коллективе ____________________

      13. Характеристика с указанием конкретных заслуг награждаемого: ________________________________________________________________

      Кандидатура обсуждена и рекомендована _________________________________________________________________

      (наименование предприятия, учреждения, организации или ФИО инициативной группы, дата обсуждения, № протокола)

      Представляется_______________________________________________

      (вид награды)

      __________________________________________________________________

      (Ф.И.О.) (Ф.И.О.)

      __________________________________________________________________

      (подпись) (подпись)

      М.П. МП.

      "__" ________ ____ год

      (дата заполнения)

      Примечание: фамилия, имя, отчество награждаемого заполняются по удостоверению личности и обязательно указывается транскрипция на казахском и русском языках.