Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы мәслихатының "Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/58-VII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30658 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
"Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидаларының 21-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"21. Атақ берілген адамға "Абай облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" төс белгісі, куәлігі салтанатты түрде беріледі және оның есімі тиісті әкімдіктің аппаратында сақталатын Абай облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматтарының кітабына хронологиялық тәртіппен енгізіледі";
"Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидаларының 22-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"22. Куәлікке облыс (қала, аудан) әкімі және тиісті мәслихат төрағасы қол қояды";
"Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы мәслихатының төрағасы | |
К. Сулейменов |
Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 9/62-VIII шешіміне қосымша "Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидаларының қосымшасы |
____________________
(облысы/қала/аудан)
НАГРАДА ҚАҒАЗЫ
1. Тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________
2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _______________________
3. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны (кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің атауы дәл көрсетілуі керек) ________________________________________________________________________________________
4. Жынысы _________________________________
5. Туған жылы мен туған жері _________________________________
6.Ұлты_______________________________________________________
7. Білімі __________________________________________________
8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы __________________________
9. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған және наградталған уақыты:___________________
10. Үйінің мекенжайы:__________________________
11. Жалпы жұмыс өтілі___________Саладағы жұмыс өтілі____________
12. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі _________________
13. Наградталушының нақты айрықша еңбегін сипаттайтын мінездеме: _____________________________________________________________________________________
Кандидатура _____________________________________________________________________________________
(кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы немесе бастамашыл топтың аты-жөні, талқылау күні, хаттаманың №)
________________ талқыланып, ұсынылған.
Мына наградаға ұсынылады _______________________________________________________
(награданың түрі)
___________________ _____________________________________________________________
(ТАӘ) (ТАӘ)
___________________ _____________________________________________________________
(қолы) (қолы)
М.О. М.О.
________ жылғы "______" ___________
(толтырылған күні)
Ескертпе: наградталушының тегі, аты және әкесінің аты жеке басының куәлігі бойынша толтырылып, қазақ және орыс тілдеріндегі транскрипциясы міндетті түрде көрсетіледі.