Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Абай облысы мәслихатының 15.11.2023 № 9/64-VIIІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы "Темір жол көлігі туралы" Заңының 14-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы бойынша әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесі, келесі бағыттар бойынша бекітілсін: "Семей – Жаланашкөл – Семей", "Семей – Дегелен – Семей", "Семей – Шар – Семей", Семей – Ауыл – Семей", "Ақтоғай – Аягөз – Ақтоғай.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы мәслихатының 15.11.2023 № 9/64-VIIІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы мәслихатының хатшысы | К. Сулейменов |