Абай облысы бойынша әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 12/81-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 қаңтарда № 31598 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Абай облысы мәслихатының 15.11.2023 № 9/64-VIIІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы "Темір жол көлігі туралы" Заңының 14-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Абай облысы бойынша әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесі, келесі бағыттар бойынша бекітілсін: "Семей – Жаланашкөл – Семей", "Семей – Дегелен – Семей", "Семей – Шар – Семей", Семей – Ауыл – Семей", "Ақтоғай – Аягөз – Ақтоғай.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы мәслихатының 15.11.2023 № 9/64-VIIІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы мәслихатының хатшысы К. Сулейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады