Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 833 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуге байланысты, Абай облысы Бородулиха ауданы Подборный ауылдық округінің Камышенка ауылы, Михайловка ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 5 мамырдағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28768 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
ауылдық округінің әкімі | А. Шалгумбаев |