Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Үмбет" жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 347 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2511 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қаумал "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілсін.".
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Н. Нуржигитов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы экология, геология
және табиғи ресурстар министрлігінің
Орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі комитеті