"Үмбет" жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 347 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 153 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 шілдеде № 28879 болып тіркелді

      Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Үмбет" жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 347 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2511 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қаумал "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілсін.".

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Н. Нуржигитов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы экология, геология

      және табиғи ресурстар министрлігінің

      Орман шаруашылығы және жануарлар

      дүниесі комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады