"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 30 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жамбыл облысындағы келесі ауылдар қайта аталсын:
Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округінің Пригородное ауылы Сұлутөр ауылына;
Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округінің Буденое ауылы Арыстанды ауылына;
Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округінің Үшарал ауылы Әбілда ауылына;
Талас ауданы Саду Шәкіров ауылдық округінің Амангелді ауылы Тамабек ауылына.
2. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихаттың шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының | |
әкімі | Н. Нуржигитов |
Жамбыл облыстық | |
мәслихатының хатшысы | М. Сарыбеков |