Жамбыл облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № 165 бірлескен қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 29 шілдедегі № 19-5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 тамызда № 29002 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 30 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жамбыл облысындағы келесі ауылдар қайта аталсын:

      Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округінің Пригородное ауылы Сұлутөр ауылына;

      Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округінің Буденое ауылы Арыстанды ауылына;

      Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округінің Үшарал ауылы Әбілда ауылына;

      Талас ауданы Саду Шәкіров ауылдық округінің Амангелді ауылы Тамабек ауылына.

      2. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихаттың шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының
      әкімі Н. Нуржигитов
      Жамбыл облыстық
      мәслихатының хатшысы М. Сарыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады