Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2022 - 2023 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 178 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29035 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2 - қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Н. Нуржигитов |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 262 қаулысына 1 - қосымша |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 178 қаулысына 1 - қосымша |
2022-2023 оқу жылына жоғары бiлiмі бар (бакалавриат) кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)
№ | Білім беру саласының коды және сыныпталуы | Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы | Білім беру бағдарламасы тобының коды және атауы | 2022-2023 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орын саны) | Оқу жылында 1 студентті оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) күндізгі оқу | |
ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары | басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары | |||||
1 | 6В01 Педагогикалық ғылымдар | 6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау | В009 Математика мұғалімдерін даярлау | 10 | 1010900 | 901000 |
2 | 6В08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар | 6В081 Агрономия | В077 Өсімдік шаруашылығы | 5 | 826900 | 742700 |
3 | 6В10 Денсаулық сақтау | 6В101 Денсаулық сақтау | В086 Жалпы медицина | 15 | 1188000 | 1001000 |
Барлығы | 30 | - | - |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 262 қаулысына 2 - қосымша |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 178 қаулысына 2 - қосымша |
2022-2023 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура) білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)
№ | Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы | Білім беру бағдарламасы тобының коды және атауы | 2022-2023 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орын саны) | Жылына 1 дәрігер-резидентке жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) күндізгі оқу | |
ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары | басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары | ||||
7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | |||||
1 |
7R011 | R013 Психиатрия ересектердің, балалардың | 1 | 1939900 | 1398900 |
R014 Радиология | 1 | 1939900 | 1398900 | ||
R037 Неврология ересектердің, балалардың | 2 | 1939900 | 1398900 | ||
R030 Педиатрия | 1 | 1939900 | 1398900 | ||
R025 Травматология-ортопедия ересектердің, балалардың | 5 | 1939900 | 1398900 | ||
R031 Неонатология | 2 | 1939900 | 1398900 | ||
R006 Онкология және гематология балалардың | 1 | 1939900 | 1398900 | ||
R040 Физикалық медицина және реабилитация ересектердің, балалардың | 4 | 1939900 | 1398900 | ||
R027 Офтальмология ересектердің, балалардың | 2 | 1939900 | 1398900 | ||
R028 Оториноларингология ересектердің, балалардың | 3 | 1939900 | 1398900 | ||
R004 Гастроэнтерология ересектердің, балалардың | 3 | 1939900 | 1398900 | ||
R005 Гематология ересектердің | 1 | 1939900 | 1398900 | ||
R001 Кардиология ересектердің, балалардың | 4 | 1939900 | 1398900 | ||
Барлығы | 30 | - | - |