"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 - бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Байзақ ауданы Ботамойнақ ауылдық округінің Байзақ ауылының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Жамбыл тұйық көшесін Шымбұлақ көшесіне;
Амангелді тұйық көшесін Орбұлақ көшесіне;
Жүсіпбек Аймауытов тұйық көшесін Тұран көшесіне;
Сейдекүл Бәйдешова тұйық көшесін Жерұйық көшесіне;
Талас тұйығын Төрткөл көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ботамойнақ ауылдық | |
округінің әкімі | Г. Абаханов |