Байзақ ауданы Ботамойнақ ауылдық округінің Байзақ ауылының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ботамойнақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 78 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 желтоқсанда № 31111 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 - бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Байзақ ауданы Ботамойнақ ауылдық округінің Байзақ ауылының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      Жамбыл тұйық көшесін Шымбұлақ көшесіне;

      Амангелді тұйық көшесін Орбұлақ көшесіне;

      Жүсіпбек Аймауытов тұйық көшесін Тұран көшесіне;

      Сейдекүл Бәйдешова тұйық көшесін Жерұйық көшесіне;

      Талас тұйығын Төрткөл көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ботамойнақ ауылдық
      округінің әкімі Г. Абаханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады