Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Жуалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жуалы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы "Жуалы ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" № 13 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің уақытша | |
міндетін атқарушы | А. Жабағы |