Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 31-4 "Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің,оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 33-3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 желтоқсанда № 31130 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 12-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 11.12.2023 № 12-5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      Жуалы аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Жуалы аудандық мәслихатының "Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 6 маусымдағы № 31-4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2268 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      5, 6, 7 – тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.";

      "6. Мерекелік күндерге әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына бір рет ақшалай төлем түрінде көрсетіледі:

      1) 9 мамыр - Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, 1000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілеріне – 1000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге– 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері – 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға – 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына – 15 000 (он бес мың) теңге;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына– 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 15 000 (он бес мың) теңге;

      әуеде және жер үстiнде ядролық жарылыстар жасаған кезеңде (1949-1965 жж.) радиоактивтi заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) атқарған азаматтарға– 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      1966 жылдан 1990 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi аралықта жерасты ядролық жарылыстарын жасау кезеңiнде осы аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) атқарған азаматтарға – 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      1949 жылдан 1990 жылға дейiнгi аралықта жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақта тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) атқарған азаматтарға – 150 000 (жүз елу мың) теңге.

      2) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларына ақшалай төлем көлемі – 150 000 (жүз елу мың) теңге.

      "7. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:

      1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген кезде әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда, бір рет ең төменгі күнкөріс деңгейінің жиырма еселенген мөлшерінен көп емес, әлеуметтік көмекке жүгіну табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап бір ай мерзімде жүргізіледі;

      2) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда, бір рет ең төменгі күнкөріс деңгейінің төрт еселенген мөлшерінде;

      3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен босатылып, пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда, бір рет ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде;

      4) туберкулез ауруымен ауыратын науқастарды амбулаториялық деңгейде емдеу кезеңінде отбасының жан басына шаққандағы табысы бес еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда ай сайын күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      5) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балаларға отбасының жан басына шаққандағы табысы бес еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде.;

      6) жан басына шаққандағы орташа табысы 1 (бір) айлық күнкөріс деңгейінен аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларды есепке алмай) ай сайын әр балаға 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға) мынадай санаттар бойынша::

      мүгедектігі бар балаларға;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен аурулар тізіміне сәйкес кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын балаларға;

      жетім балаларға;

      "қандас"" мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларға;

      экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасылардан шыққан балаларға;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алғандар, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;

      толық емес отбасынан шыққан балаларға;

      7) шипажайлық - курорттық емделуден өткен жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, бір рет екі еселенген күнкөріс деңгейі мөлшерінде деп толықтырылсын;

      8) тұрғын үйді газдандыруға бір рет әлеуметтік көмек:

      жан басына шаққандағы табысы 1,5 (бір жарым еселік) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын газдандыруға жататын жергілікті жеке тұрғын үйде тұратын, оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын адамдарға жүргізіледі.

      Әлеуметтік көмектің көлемі 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын газ құбырын орнатуға және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.

      Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді және Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне қосымша газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты болған шығыстарын растайтын акт және/немесе құжат (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, қызметтерді көрсетуге арналған шарт) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығының болмауы (болуы) туралы анықтама қоса беріледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жуалы аудандық
      мәслихат хатшысы Е. Тлеубеков

О внесении изменений в решение Жуалынского районного маслихата от 6 июня 2014 года № 31-4 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Жуалынскому району"

Решение Жуалынского районного маслихата Жамбылской области от 5 декабря 2022 года № 33-3. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 декабря 2022 года № 31130. Утратило силу решением Жуалынского районного маслихата Жамбылской области от 11 декабря 2023 года № 12-5

      Сноска. Утратило силу решением Жуалынского районного маслихата Жамбылской области от 11.12.2023 № 12-5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Жуалынский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жуалынского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Жуалынскому району" от 6 июня 2014 года № 31-4 (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2268) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жуалынского района, утвержденных указанным решением:

      пункты 5, 6, 7 изложить в новой редакции:

      "5. Меры социальной поддержки, предусмотренные статьей 16 Закона Республики Казахстан "О социальной защите лиц с инвалидностью в Республике Казахстан" и подпунктом 2) статьи 10, подпунктом 2) статьи 11, подпунктом 2) статьи 12, подпунктом 2) статьи 13, статьей 17 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", оказываются в порядке, определенном настоящими Правилами.";

      "6. Социальная помощь к праздничным дням предоставляется единовременно в виде денежной выплаты следующим категориям граждан:

      1) День Победы - 9 мая:

      участникам Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим, проходившим службу в воинских частях, штабах и учреждениях, входивших в состав действующей армии и флота в период Великой Отечественной войны, а также во время других боевых операций по защите бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее – бывшего Союза ССР), партизанам и подпольщикам Великой Отечественной войны, в размере – 1000 000 (один миллион) тенге;

      лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а именно военнослужащие действующей армии и флота, партизаны и подпольщики Великой Отечественной войны, а также рабочие и служащие, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны на фронте, в районе военных действий, на прифронтовых участках железных дорог, сооружениях оборонительных рубежей, военно-морских баз и аэродромов, в размере – 1000 000 (один миллион) тенге;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, а также проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу Великой Отечественной войны, в размере– 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак, в размере– 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия в размере– 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия, в размере– 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшим задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке в период с сентября 1992 года по февраль 2001 года – 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим Республики Казахстан, принимавшим участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке в период с августа 2003 года по октябрь 2008 года, в размере– 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим, а также лица начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшим участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе в период с 1986 по 1991 годы, в размере– 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986 – 1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях, в размере– 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      семьям лиц, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, размер денежной выплаты – 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      лицам, которым инвалидность установлена вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, ядерных испытаний, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей, в размере – 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      семьям умерших вследствие лучевой болезни или умерших лиц с инвалидностью, а также граждан, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения и ядерных испытаниях, в размере– 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      гражданам, проживавшим, работавшим или проходившим службу (в том числе срочную) на территориях, подвергшихся загрязнению радиоактивными веществами в период проведения воздушных и наземных ядерных взрывов (1949-1965 г.г.) в размере – 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      гражданам, проживавшим, работавшим или проходившим службу (в том числе срочную) на этих территориях в период проведения подземных ядерных взрывов с 1966 по 1990 г.г.- 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      гражданам, проживавшим, работавшим или проходившим службу (в том числе срочную) на территории с льготным социально-экономическим статусом с 1949 по 1990 год- 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      2) День Независимости – 16 декабря:

      лицам, принимавшим участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, реабилитированным в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О реабилитации жертв массовых политических репрессий", в размере - 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге.

      7. Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан при наступлении трудной жизненной ситуации оказывается единовременно и (или) периодически (ежемесячно):

      1) при причинении вреда гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, при условии, что среднедушевой доход семьи не превышает двукратного прожиточного минимума, единовременно в размере не более двадцатикратного прожиточного минимума, обращение за социальной помощью производится в месячный срок с момента наступления трудной жизненной ситуации вследствие стихийного бедствия или пожара;

      2) лицам, больным социально значимыми заболеваниями при условии, если среднедушевой доход семьи не превышает двукратного прожиточного минимума, единовременно - в размере четырехкратного прожиточного минимума;

      3) лицам, освобожденным из учреждений уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы и состоящим на учете службы пробации, при условии, что среднедушевой доход семьи не превышает пятикратного прожиточного минимума, единовременно в размере двукратного прожиточного минимума;

      4) в период лечения больных туберкулезом на амбулаторном уровне социальная поддержка предоставляется в размере прожиточного минимума ежемесячно при условии, что среднедушевой доход семьи не превышает пятикратного прожиточного минимума;

      5) детям, инфицированным вирусом иммунодефицита человека, предоставляется социальная поддержка в размере двукратного прожиточного минимума ежемесячно при условии, что среднедушевой доход семьи не превышает пятикратного прожиточного минимума.

      6) лицам, из уязвимых слоев населения, имеющим детей, воспитывающихся и обучающихся в дошкольных организациях, со среднедушевым доходом не превышающего 1 (одного) прожиточного минимума (кроме семей получателей государственной адресной социальной помощи), на каждого ребенка ежемесячно в размере 1 (одного) месячного расчетного показателя (назначается на текущий квартал с месяца обращения):

      детям с инвалидностью;

      детям, больным тяжелыми формами некоторых хронических заболеваний в соответствии с перечнем заболеваний, утвержденным уполномоченным органом в области здравоохранения;

      детям-сиротам;

      детям из семей, имеющих статус "кандас";

      детям из семей, потерявших жилье в результате экологических бедствий, чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера;

      многодетным матерям, награжденных подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", награжденных орденами "Материнская Слава" I и II степени";

      детям из неполных семей;

      7) пенсионерам по возрасту, ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств прошедшим санаторно-курортное лечение, единовременно с учетом среднедушевого дохода, не превышающего размера прожиточного минимума в размере двукратного прожиточного минимума.

      8) единовременная социальная помощь на газификацию жилого дома оказывается лицам, подлежащих газификации, являющимися его собственниками, либо членами семьи собственника, при отсутствии у них и членов семьи другого жилья и при наличии среднедушевого дохода, не превышающего 1,5 (полутора) прожиточного минимума.

      Размер социальной помощи определяется исходя из фактических затрат заявителя, связанных с подведением и установкой газового оборудования, но не более 100 (сто) месячных расчетных показателей.

      Для получения социальной помощи заявитель обращается в уполномоченный орган и дополнительно к перечню документов предусмотренных пунктом 13 Типовых правил, прилагает акт и/или документ, подтверждающий состоявшиеся расходы лица, связанные с подведением и установкой газового оборудования (копии чеков, квитанции, договор на оказание услуг) и справку об отсутствии (наличии) зарегистрированных прав на недвижимое имущество.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Жуалынского
      районного маслихата Е. Тлеубеков