Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 4-тармағына сәйкес, Қордай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қордай ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қордай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Н. Садыков |