Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Қордай ауылы халқының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:
1. Қордай ауылдық округінің Қордай ауылының төмендегі көшелері қайта аталсын:
Василий Шукшин көшесін Шәкен Айманов көшесіне;
Владимир Комаров көшесін Бейбарыс сұлтан көшесіне;
Владимир Кравчук көшесін Мұхаммед Хайдар Дулати көшесіне;
Владимир Маяковский көшесін Майқы би көшесіне;
Заводская көшесін Қажымұқан көшесіне;
Иван Мичурин көшесін Шерхан Мұртаза көшесіне;
Леонид Титов көшесін Қайрат Рысқұлбеков көшесіне;
Леонид Титов тұйық көшесін Қайрат Рысқұлбеков тұйық көшесіне;
Николай Гоголь көшесін Шәмші Қалдаяқов көшесіне;
Ольга Волкова көшесін Дінмұхамед Қонаев көшесіне;
Сергей Лазо көшесін Құрманғазы көшесіне;
Болашақ 2 көшесін Халифа Алтай көшесіне;
Болашақ 3 көшесін Шәкәрім көшесіне;
Болашақ 4 көшесін Мәшһүр Жүсіп көшесіне;
Болашақ 5 көшесін Қожа Ахмет Йассауи көшесіне;
Кебекбай шешен 2 көшесін Наурызбай батыр көшесіне;
Кебекбай шешен 3 көшесін Сәмен батыр көшесіне;
Кебекбай шешен 4 көшесін Бөгенбай батыр көшесіне;
Кебекбай шешен 5 көшесін Қабанбай батыр көшесіне;
Бауыржан Момышұлы 2 көшесін Рақымжан Қошқарбаев көшесіне;
Бауыржан Момышұлы 3 көшесін Сағадат Нұрмағанбетов көшесіне;
Бауыржан Момышұлы 4 көшесін Хиуаз Доспанова көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Б. Сахатов |