"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 2 ақпандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Сарымолдаев ауылдық округінің Сарымолдаев ауылындағы келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Автобазовская тұйық көшесін Ақжол көшесіне;
Вишневый көшесін Шиелі көшесіне;
Вишневый тұйық көшесін Ақбұлақ көшесіне;
Восточная тұйық көшесін Жолашар көшесіне;
Кутузов көшесін Алматы көшесіне;
40 жыл Қазақстан тұйық көшесін Арай көшесіне;
Орловка көшесін Тұран көшесіне;
Садовый 3-тұйық көшесін Бірлік көшесіне;
Садовый 4-тұйық көшесін Атамұра көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарымолдаев ауылдық | |
округінің әкімі | С. Бабижанов |