Сарымолдаев ауылдық округінің Сарымолдаев ауылындағы кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 199 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 желтоқсанда № 31090 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 2 ақпандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Сарымолдаев ауылдық округінің Сарымолдаев ауылындағы келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      Автобазовская тұйық көшесін Ақжол көшесіне;

      Вишневый көшесін Шиелі көшесіне;

      Вишневый тұйық көшесін Ақбұлақ көшесіне;

      Восточная тұйық көшесін Жолашар көшесіне;

      Кутузов көшесін Алматы көшесіне;

      40 жыл Қазақстан тұйық көшесін Арай көшесіне;

      Орловка көшесін Тұран көшесіне;

      Садовый 3-тұйық көшесін Бірлік көшесіне;

      Садовый 4-тұйық көшесін Атамұра көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарымолдаев ауылдық
      округінің әкімі С. Бабижанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады